Головкиннің жаңа бапкері жаттығуға енгізілген өзгерістер туралы айтты

576

Бэнкске дейін Головкин тоғыз жыл Абель Санчеспен бірлесіп жұмыс істеді.

Головкиннің жаңа бапкері жаттығуға енгізілген өзгерістер туралы айтты

Геннадий Головкиннің жаңа жаттықтырушысы Джонатон Бэнкс боксшының стилін өзгертуге арналған бірқатар жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

8 маусым күні Нью-Йоркте өтетін Геннадий Головкиннің Стив Роллспен жекпе-жегі оның жаңа жаттықтырушымен жұмыс істегелі алғашқы айқасы болмақ.

"Қазір біз оның рингтегі белсенділігі үшін жұмыс жасап жатырмыз. Дәл қазіргі уақытта бұл біздің негізгі мақсатымыз. Көбірек соққы беріп, қарсыласты шаршату керек. Бір шабуылға ғана емес, қатарынан бірнеше соққыға күш салса, қарсыластың шаршы алаңда демалуына уақыт қалмайды. Раундар арасындағы үзіліс қана оның тыныстап алуына мүмкіндік береді. Осылайша қарсыласыңыздың рингте өзін қолайсыз сезінуіне жол ашасыз", ­– деді Джонатон Бэнкс Fighthub TV-ге берген сұхбатында. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу