Головкиннің жекпе-жегі тікелей эфирден көрсетіледі

1192

Головкиннің жекпе-жегі тікелей эфирден көрсетіледі

6 мамыр күні Карсондағы (АҚШ Калифорния штаты) Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен американдық  Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО)  арасындағы жекпе-жек "QAZAQSTAN" және "QAZSPORT"  телеарналарында тікелей эфирде көрсетіледі.

Астана уақыты бойынша 06:30-да трансляцияның алдында Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев арнайы студияға келіп, Геннадий Головкиннің алдыңғы жеңістері туралы комментаторлармен бірге  сөз қозғап, ойларымен бөлісетін болады. Ал, көрсетілім аяқталған соң, Головкин өткізген жекпе-жекті қорытындылайтын сараптамалық бағдарлама шығады.

Жекпе-жек "QAZAQSTAN" және "QAZSPORT" телеарналарында 6 мамыр күні, сағат 07:00-де көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу