Гондурас Президенті Сиомара Кастро коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды inbusiness.kz оның Twitter-дегі мәлімдемесіне сілтеме жасап. Қазір ол қашықтан жұмыс істеп жатыр.
"Кеше ПТР нәтижесі теріс, бүгін оң болды. Аурудың бірнеше белгісі байқалады", – деп жазды саясаткер.
Кастроның айтуынша, оның қазіргі жағдайы жақсы.
Ресми мәліметке сәйкес, пандемия басталғаннан бері он миллионға жуық халқы бар бұл елде коронавирус жұқтырудың 392 мың фактісі тіркелді.
Бұған дейін Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мен оның әйелі "омикрон" штамын жұқтырғаны белгілі болды. Олар дерттің жеңіл формасымен ауырып жатыр. Түркия басшысы да қызметін қашықтан, яғни үйден атқаруда.
Табиғат Нұрболат
Фото: Commons.wikimedia.org