Гондурас Ядролық қаруға тыйым салу туралы келісімді ратификациялады

757

Құжат 90 күннен кейін күшіне енеді.

Гондурас Ядролық қаруға тыйым салу туралы келісімді ратификациялады

Гондурас Ядролық қаруға тыйым салу туралы келісімді ратификациялаған 50-ші ел атанды. Хаттамаға сәйкес, келісімнің ратификациялануы 90 күннен кейін осы құжаттың күшіне енуіне мүмкіндік береді. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) хабарлады. 

"Бұл қарусыздану саласындағы БҰҰ-ның ең жоғары басымдығы болып қала беретін ядролық қаруды толығымен жою жөніндегі маңызды міндеттемелеріне әлем елдерінің ниеттестігін көрсетеді", – деді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш.

Айта кетсек, ядролық қаруды қолдануға, әзірлеуге, өндіруге, сынауға, орналастыруға, сақтауға және қолдану қаупіне тыйым салатын осы келісім БҰҰ Бас ассамблеясында 2017 жылдың шілде айында 122 ел өкілдерінің дауыс беруімен қабылданған еді. Содан бері 84 мемлекет құжатқа қол қойды, бірақ оны барлық мемлекет ратификациялаған жоқ.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу