Гондураста президент сайлауынан кейінгі бүліктен 16 адам көз жұмды

769

Гондураста президент сайлауынан кейінгі бүліктен 16 адам көз жұмды

Гондураста президент сайлауынан кейінгі бүлікте қаза тапқандар саны 16-ға жетті. Олардың қатарында көпті сабырға шақырған тәртіп сақшылары да бар, деп хабарлайды 24.kz.

Полиция 1700-ге жуық адамды қамауға алған. 

Естеріңізге сала кетейік, Гондурастағы ереуілдер президент сайлауының қорытындысы жарияланғаннан кейін басталды. Ресми дерек бойынша, оппозиция талабымен дауыстар қайта саналғаннан кейін де, елдің қазіргі президенті Хуан Орландо Эрнандес дауыстың 42,98 пайызын, ал оппозиция өкілі Сальвадор Насралла 41,38 пайызын жинаған. Әрине, көп дауысқа ие үміткер президент болуға тиіс. Бірақ көптің көңілі бәрібір күпті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу