Гондураста жүздеген адам ереуілге шықты

726

Гондураста жүздеген адам ереуілге шықты

Гондурастың Сан-Педро-Сула қаласы көшелеріне жүздеген адам ереуілге шықты, деп хабарлайды 24.kz.

Шерушілер екінші мерзімге қайта сайланған ел президенті Хуан Орландо Эрнандестің биліктен кетуін талап етіп отыр. Белсенділер оның қарсыласы Сальвадор Насралланың президент болғанын қалайды. Шерушілер қазіргі мемлекет басшысына конституцияны бұзды және халық пікірімен санаспайды деген айып тақты.

Еске сала кетейік, оппозиция өкілдері өткен президенттік сайлау қорытындыларының күшін жоюды талап еткен болатын. Бірақ Гондурастың жоғарғы сайлау трибуналы бұл шағымды қабылдаған жоқ. Сот ұсынылған дәлелдер Хуан Орландо Эрнандесті отставка кетіруге жеткіліксіз деп мәлімдеген еді. Негізі мұндай бас көтерулер елде бірнеше мәрте болған. Бұған дейін наразы тарап қайтадан дауыс беруді немесе бюллетеньдерді қайта санауды талап еткен. Ресми дерек бойынша, сайлауға қатысты тәртіпсіздіктерде 30-дан астам адам қаза тапқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу