Гондурастағы ұшақ апатынан қаза тапқандар саны артып барады

Роатан аралындағы ұшақ апатынан жараланғандар мен қайтыс болғандар саны нақтыланып жатыр. 

Гондурастағы ұшақ апатынан қаза тапқандар саны артып барады  Фото: report.az

Бұл туралы Гондурас ұлттық полициясы әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Роатан аралындағы ұшақ апатынан 12 адам қаза тауып, 5-еуі аман қалды, – делінген хабарда.

Қазіргі уақытта құтқарушылар ұшақ бортында болған тағы бір адамды іздестіру үстінде.

Бұған дейін отандық БАҚ-та Гондурастың батысындағы Роатан аралындағы аэродромнан ұшқан әуе кемесі көп ұзамай теңізге құлап, кем дегенде алты адам қаза тапқаны хабарлаған болатын.

Жергілікті полиция осыған дейін 33 жолаушыға арналған Jetstream 41 үлгілі ұшағы ұшу кезінде механикалық ақауға тап болып, апатқа ұшырағанын мәлімдеген-ді. Ұшақ ұшу-қону жолағынан шамамен бір шақырым жерде теңізге құлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу