Гондурастың экс-президенті наурыздың ортасына дейін қамауға алынды

904

Ресми Вашингтон оны АҚШ-қа кокаин тасымалдады деп айыптап отыр.

Гондурастың экс-президенті наурыздың ортасына дейін қамауға алынды

Гондурастың Жоғарғы соты АҚШ-қа экстрадициялау туралы істі қарағаннан кейін, экс-президент Хуан Орландо Эрнандесті наурыздың ортасына дейін қамауда ұстау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. Келесі сот отырысы 16 наурызда өтеді. 

Гондурас соты Эрнандесті тұтқындау туралы ордер бергеннен кейін, ол  Тегусигальпеде ұсталды. Бұған дейін республика билігі АҚШ-тан саясаткерді экстрадициялау туралы өтінішті алған болатын. Ресми Вашингтонның айтуынша, экс-президент АҚШ-қа кокаин тасымалдау ісіне қатысы бар.

Эрнандес өзіне тағылған айыпты мойындамады. Ол сот процесіне өз еркімен қатысып, кінәсіз екенін дәлелдеуге дайын екенін мәлімдеді. 

2021 жылдың наурыз айының соңында АҚШ соты экс-президенттің ағасы Хуан Антонио Эрнандесті есірткі саудасымен айналысқаны үшін оны өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған болатын.

Табиғат Нұрболат

Фото: cnn.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу