Гонконг бағаның өсуін тоқтату қою үшін баспана сатып алардағы баж салығын күрт өсірді

1173

Гонконг бағаның өсуін тоқтату қою үшін баспана сатып алардағы баж салығын күрт өсірді

Гонконг үкіметі жылжымайтын мүлік сатып алушылар үшін мемлекеттік баж салығын 15%-ға көтеретінін жариялады. Ел билігі осылайша баспана құнын ырықтандырмақшы, деп жазды The Wall Street Journal.

Бүгінгі таңда ел азаматтары үшін мемлекеттік баж салығының көлемі 1,5%-дан 8,5%-ға дейін болатын.  Мемлекеттік баж салығы жеке тұлғалар үшін де, корпорациялар үшін де көтеріледі. Тек алғаш рет баспана сатып алғалы тұрған Гонконг азаматтары үшін салық көлемі бұрынғы қалпына қала бермек.  Гонконг әлемдегі баспана бағасы өте қымбат қалалардың қатарынан саналады және баға ипотека бойынша пайыздық мөлшерлеменің төмендігіне, сонымен қатар ақшаларын активтерге құюға тырысқан  құрлықтық Қытайдың инвесторларынан қаражаттың көптеп құйылып жатқанына қарамастан өсуін доғарар емес. Жылжымайтын мүлікке инвестициялық сұраныс  соңғы айда күрт өсіп кетті. Сондықтан  қабылданып жатқан шаралар  оның екпінін басуы тиіс дейді Гонконг билігі.

Үстіміздегі жылдың басынан бері Гонконгте баспана құны шамамен 9%-ға қымбаттаған. Сарапшылар шаһар билігінің жаңа шаралары тұрғын үй нарығының өтімділігіне тұсау салып, сауда көлемін қысқартады деп топшылайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу