Гонконг ереуілшілері Қытай билігін жеңді

1796

Гонконг басшысы Кэрри Лам экстрадиция туралы даулы заң жобасын алып тастады.  

Гонконг ереуілшілері Қытай билігін жеңді

Ол қазіргі уақытта зорлық-зомбылықты тоқтату, тәртіпті қалпына келтіру және заңның үстемдігін қамтамасыз ету басты міндеттер екенін атап өтті.

"Үкіметке наразы болғанымызға қарамастан, зорлық-зомбылық проблемаларды шешудің жолы деп келісе де, мойындай да алмаймыз", - деп айтты Лам.

Гонконг басшысы шиеленістерді келіссөздер арқылы шешіп, өзекті мәселелерді бірлесе қарастыруға шақырды. 

Гонконг арнайы әкімшілік ауданындағы ереуілдердің басталғанына үш айдай болды.Халықтың бас көтеруіне экстрадиция туралы заңға енгізілмек болған өзгерістер түрткі болды. Бұған сәйкес, қылмыс жасады деген күдіктілер құрлықтық Қытайға берілу тиіс еді. Үкімет бұл заңды мақұлдамаса да, шерушілер биліктен полицейлердің қатыгездігі туралы іс пен демократиялық реформаны қарастырып, Гонконг басшысы Кэрри Ламның отставкаға кетуін талап етіп келеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу