Бұл туралы сейсенбіде Гонконг әкімшілігінің басшысы Джон Ли журналистерге хабарлады, деп жазады ТАСС.
"Шешім соңғы деректерге және [коронавирустың таралуы] тәуекелдерін бағалауға негізделген. Келген адамдардан жұқтыру қаупі жергілікті індетке қарағанда төмен. Біз шектеу шараларын тоқтату [ковидтің] инфекцияның өршу қаупін арттырмайды деп ойлаймыз", — деп түсіндірді ол.
Сәрсенбіден бастап Гонконг мэриясының бұйрығына сәйкес, коронавирусқа теріс сынақтан өткен жолаушыларға смартфондардағы арнайы қосымшада қоғамдық орындарға үш күн бойы тыйым салатын "қызғылт сары денсаулық коды" берілмейді. Яғни енді QR-кодтарын сканерлеген кезде еш кедергі болмайды.
Соңғы тәулікте Гонконгта коронавирусты жұқтырудың 14 717 жаңа жағдайы анықталды, оның 5%-ы ғана елге келгендерден анықталған.