Гонконг коронавирус салдарымен күреске 15 миллиард долар бөледі

751

Жергілікті билік экономиканы осылай ынталандырмақшы.

Гонконг коронавирус салдарымен күреске 15 миллиард долар бөледі

Жаңа коронавирус эпидемиясы мен бірнеше айға созылған ереуілдердің кесірінен іркілген экономиканы қолдау мақсатында Гонконг арнайы әкімшілік ауданы 15 миллиард доллар шығындамақ. Бұл туралы CNBC басылымы хабарлады. 

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, бұл қаражат аймақтың ЖІӨ-ін 4,8%-ға жеткізуі тиіс. Яғни енді шағын және орта кәсіпорындарға төмен пайыздық мөлшерлемемен несие беріліп, табысқа салынатын салық мөлшері 100%-ға түсірілмек. Сонымен қатар билік Гонконгтың жасы 18-ден асқан тұрақты тұрғындарына 10 мың гонконгтық доллар көлемінде қаржы бөлінетіні жарияланды. 

"Дегенмен алдағы уақытта бюджеттен көмек ретінде бөлінетін қаржы мөлшері біртіндеп қысқартылады. Өйткені үкіметтің басқа да шығындары бар", – дейді арнайы әкімшілік ауданның қаржы министрі. 

Ескере кететін жайт, Гонконг экономикасы былтыр 2009 жылдан бері алғаш рет құлдыраған болатын. Бұған үкіметке қарсы ереуілдер және АҚШ пен Қытай арасындағы сауда тартысының шиеленісуі түрткі болып отыр. 

Тағы бір жайт, азиялық қаржы орталығының ЖІӨ 2019 жылы 1,2%-ға қысқарған. Ал төртінші тоқсанда шаһардың ЖІӨ 2,9%-ға төмендеген екен. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу