Гонконг пайыздық мөлшерлемені төмендетті

1336

Арнайы әкімшілік аймақ америкалық Федералдық қор жүйесі мөлшерлемені қысқартқаннан кейін осындай қадамға барып отыр. 

Гонконг пайыздық мөлшерлемені төмендетті

"Гонконгтың несие-қаржылық басқармасы 19 қыркүйекте базалық мөлшерлеме 25 базистік пунктке төмендетіп, көрсеткіш 2,25 пайызды құрады. Жаңа ереже бүгіннен бастап күшіне енеді. 18 қыркүйекте АҚШ  Федералдық қор жүйесіның базалық мөлшерлемені 25 базистік пунктке қысқартуына байланысты осындай шешім қабылдық", – делінген реттеушінің ресми мәлімдемесінде. 

Бұған дейін Федералдық қор жүйесі негізгі пайыздық мөлшерлемені 1,75-2 пайызға дейін, ал банктің артық сақтық қоры бойынша пайыздық мөлшерлемені 2,1 пайыздан 1,8 пайызға түсірген болатын. 

Бұл АҚШ-тағы соңғы бірнеше ай ішінде мөлшерлеменің екінші мәрте төмендетілуі. Шілде айының соңында негізгі мөлшерлеме 0,25 пайызға қысқартылған болатын. Оған дейін мұндай шара 2008 жылғы қаржы дағдарысы кезінде қабылданған. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу