Гонконг полициясы 310 ереуілшіні қамауға алды. Бұл туралы South China Morning Post басылымы хабарлады. Дені жастардан тұратын ереуілшілер тобы қаланың сауда орталықтарында наразылық шарасын ұйымдастырған. Тәртіп сақшылары оларды басу мақсатында көзді жасаурататын газ қолданған. 105 кісі сейсенбі күні заңсыз митинг кезінде полицей басқармасының жанында тұтқындалды. Гонконг басшысы Кэрри Лам бас көтерушілердің әрекетін сынға алып, жастардың толқуы Рождество мейрамының шырқын бұзды деп мәлімдеме жасады.
Айта кетейік, Гонконг арнайы әкімшілік ауданындағы жаппай ереуілдер маусым айында басталған болатын. Халықтың бас көтеруіне экстрадиция туралы заңға енгізілмек болған өзгерістер түрткі болды. Бұл заң жобасы құқық бұзғандар құрлықтық Қытайға табыстауға рұқсат береді.Үкімет оны мақұлдамаса да, толқулар басылар емес. Сол уақыттан бері бас көтерушілер әлсін-әлсін жолдарды бөгеп, ғимараттарды қирап, зорлық-зомбылық фактілері тіркелген. Ал қараша айының ортасынан бері қаладағы жағдай тұрақталып келеді.
Табиғат Нұрболат