Гонконг техникалық рецессияға ұшырады

914

Компаниялардың қызметкерлерін қысқартуынан, жұмыссыздар қатары да көбеюі мүмкін.

Гонконг техникалық рецессияға ұшырады

Арнайы әкімшілік аймақ экономикасының құлдырауына ереуілдер мен сауда соғысы себеп. Гонконг нарығы 3 тоқсанда осындай нәтиже көрсетіп отыр. Бұл туралы әкімшілік басшысы Кэрри Лам хабарлады.

"Бейжің мен Вашингтон арасындағы сауда шиеленісінің өршуінен әлемдік экономика өсімі 2018 жылы төмендеп кетті. Бұның салдары құрлықтық Қытай мен бірқатар аймаққа да кері әсерін тигізді. 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында Гонконг экономикасы небәрі 0,5%-ға өсті. Бұл 2009 жылғы рецессиядан бергі ең төменгі көрсеткіш. Біздің ойымызша, Гонконг экономикасы биылғы жылдың үшінші тоқсанынан бері техникалық рецессияға ұшырады", – деді Лэм.

Айта кетейік, соңғы айлардағы ереуілдер мен тәртіпсіздіктер жергілікті кәсіпкерлікті іркілтуде. Шілде айынан бері туристердің саны қысқарып, бөлшектік сауда көлемі азайған. Сондай-ақ экспорт төмендеп, бизнес және инвестиция салаларындағы жағдай нашарлап кетті. Бірнеше саладағы көрсеткіштер бұрын-соңды болмаған ең төменгі көрсеткішке жетті.

Экономиканың құлдырауы еңбек нарығына да кері әсерін тигізіп отыр. Бас көтерулердің кесірінен әсіресе қоғамдық тамақтану мен бөлшектік сауда салаларындағы жұмыссыздық деңгейі өсіп кеткен. Ламның айтуынша, алдағы уақытта компаниялар қызметкерлерін қысқартып, жұмыссыздар қатары көбеймек.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу