Гонконг тұмауы мен ЖРВИ өршіп тұр

1302

Гонконг тұмауы мен ЖРВИ өршіп тұр

Эпидемиологиялық маусымның басынан бері, яғни 2016 жылдың 1 қазанынан Қостанай облысында ЖРВИ-мен ауырған 34 мың адам, соның ішінде А түріндегі (H3N2) тұмаумен науқастанған 18 зертханалық расталған жағдай тіркелді. 

Ал бір адамнан эпидемия таратпайтын В түріндегі тұмау анықталған, деп хабарлады Alau.kz тілшісіне Қостанай облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Рагүл Тәженова.

2017 жылдың 10 қаңтарында облыста тұмаумен ауырған 10 науқас және ЖРВИ жұқтырған 29 мың адам тіркелді. Науқастар саны күн сайын артып келеді. Қостанай облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті білім беру және денсаулық сақтау басқармаларына эпидемиологияға қарсы іс-шара өткізу туралы қаулы шығарды. Білім беру мекемелерінің басшылары оқу жүйесін өз қалаулары бойынша тоқтата алады. Медициналық мекемелерде маска кию тәртібі енгізіліп, науқастарға келу шектелді және жұмыс кестесі өзгерді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу