Гонконгке келетін туристердің саны 40 пайызға азайды

743

3 айға созылған ереуілдер туризм саласын титықтатып жіберді. 

Гонконгке келетін туристердің саны 40 пайызға азайды

Bloomberg агенттігің дерегі бойынша, биылғы жылдың тамыз айында елге келетін туристердің саны 2018 жылмен салыстырғанда 40 пайызға азайған. Сонымен қатар, мейманханалардағы шетелдік қонақтардың қатары екі есе төмендеген. Қонақүйлердегі бөлмелердің құны тіпті 70 пайызға арзандап кеткен. 

Козуэй бэйдегі сауда орталықтарын басқаратын Hysan Development  және Wharf Holdings компанияларының акциялары 1,5 пайызға кеміген. Бұған полицейлердің осы ауданға жиналған наразылық топты тарату мақсатында көзді жасаурататын газ қолдануы себеп болған. Wynn Macau акциялары 2%, Shangri-la Asia-ныкі 2,2%, MTR компаниясының акциялары 1,5%-ға кеміген. Гонконгтік MSCI индексі 0,5 пайызға арзандады. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Гонконг басшысы Кэрри Лам баскөтерулерді басу мақсатында экстрадиция туралы даулы заң жобасын алып тастаған еді. Арнайы әкімшілік ауданындағы ереуілдердің басталғанына үш айдай болды. Халықтың наразылық шеруіне шығауына экстрадиция туралы заңға енгізілмек болған өзгерістер түрткі болды. Бұған сәйкес, қылмыс жасады деген күдіктілер құрлықтық Қытайға берілуге тиіс еді. Үкімет бұл заңды мақұлдамаса да, шерушілер биліктен полицейлердің қатыгездігі туралы іс пен демократиялық реформаны қарастырып, Гонконг басшысы Кэрри Ламның отставкаға кетуін талап етіп келеді.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу