Гонконгта мектептер уақытша жабылды

319

Аймақта кеме қозғалысы тоқатылып, кей бағыттағы әуе рейстері кейінге шегерілген.

Гонконгта мектептер уақытша жабылды Фото: АР

Гонконгқа "Талим" дауылы жақындап, өңірде барлық мектеп уақытша жабылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Бірқатар ауданнан тұрғындар қауіпсіз жерлерге көшірілді. Дүлей жел қазір Гонконгтан 300 шақырымдай жерде жылжып келеді. Оның жылдамдығы сағатына 140 шақырымнан асады. 

Дауыл Гонконгты басып өткен соң Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун мен Хайнань провиницияларына соғады деген болжам бар.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу