Гонконгтағы антиқытайлық ереуілдер: 100-ден астам адам тұтқындалды

1474

Полицейлер мен ереуілшілер арасындағы қақтығыс Қытай Халық Республикасының 70 жылдығы қарсаңында, яғни 1 қазанға екі күн қалғанда болған. 

Гонконгтағы антиқытайлық ереуілдер: 100-ден астам адам тұтқындалды

Полиция бас көтергендерді тарату мақсатында көзді жасаурататын газ қолданған. Ресми дерек бойынша, 100-ден аса ереуілші қамауға алынды. Тәртіп сақшылары мен наразы топтың арасындағы қақтығыс салдарынан 25 кісі түрлі деңгейде жарақат алған.  

Тәртіпсіздіктер Адмиралти ауданындағы үкіметтік кешенді және сол маңдағы бірқатар көшені шарпыды. Шеруге шыққандар полицейлерге кірпіш пен бөтелке лақтырып, жолдарды бөгеген. 

Естеріңізге сала кетейік, жаз басталғалы Гонконг арнайы әкімшілік ауданын  жаппай ереуілдер белең алған еді. Халықтың бас көтеруіне экстрадиция туралы заңға енгізілмек болған өзгерістер түрткі болды.  Оған сәйкес, қылмыс жасады деген күдіктілер құрлықтық Қытайға берілуге тиіс еді. Үкімет бұл заңды мақұлдамаса да, шерушілер биліктен полицейлердің қатыгездігі туралы іс пен демократиялық реформаны қарастырып, Гонконг басшысы Кэрри Ламның отставкаға кетуін талап етіп келеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу