Гонконгте дәрігерлер де шеруге шыққандарға қосылды

680

Олар Қытаймен арадағы шекараның жабылғанын қалайды.

Гонконгте дәрігерлер де шеруге шыққандарға қосылды

Гонконг дәрігерлері де жұмысты қойып, наразылық шеруін өткізіп жатқан халық қатарына қосылды. Олар коронавирус өршіп кеткендіктен, Қытаймен арадағы шекараның жабылғанын қалайды, деп хабарлайды Atameken Business.

Кеше осы қаланың бір тұрғыны індеттің кесірінен көз жұмды.

Апта басталғалы орталық алаңға шығып айғайға басқан ақ халаттылардың жалпы саны  – 2500. Олар мегаполистегі науқастарға дұрыс ем жасау үшін билік дәрігерлердің де жағдайын жақсарту керек деп жатыр. Айтуларынша, ауруханадарда дәрі-дәрмек жетіспейді, тіпті маска да тапшы екен.

Өткен аптада жергілікті билік Қытайдан қатынайтын пойыздар мен кемелердің қалаға келуіне тыйым салған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу