Гонконгте мыңдаған адам наразылық танытуда

1163

Гонконгте мыңдаған адам наразылық танытуда

Гонконгте мыңдаған адам Бейжіңнің арнайы әкімшілік ауданның автономиясын шектеуге қарсы наразылық шеруіне шықты, деп хабарлайды 24.kz.

"Гонконгты қорғау", "Бір мемлекет, екі жүйе" деп ұрандатқан адамдар демократиялық сайлау өткізуді талап етіп отыр. Себебі тұрғындардың айтуынша, орталық үкімет 1997 жылы Қытай мен Ұлыбритания арасындағы келісімде бекітілген автономды басқару сот жүйесінің еркіндігі сияқты принциптерді бұзып келеді. Сондықтан Гонконг тұрғындары дербестікті қалпына келтіріп, аспан асты елінен бөлініп шығуға үндеп отыр. Ал 1997 жылғы құжатқа сәйкес, Гонконг 2047 жылға дейін халықаралық саясат пен қорғаныс саласынан басқа мәселеде жеке басқару жүйесімен дамиды деп көрсетілген. Бірақ Бейжің 20 жыл ішінде оның дербестігін шектеп, түгелдей бақылауына алуға көшкен.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу