Ереуілшілер тәртіп сақшыларымен қақтығыс кезінде жарылғыш заты бар бөтелкелер мен тастар пайдаланған. Бұған жауап ретінде полицейлер оларды тарату мақсатында көзді жасаурататын газ шашқан.
Жергілікті биліктің айтуынша, заңсыз әрекеттер мен белең алған тәртіпсіздіктер Гонконг қаласын қауіпті жағдайға душар етіп отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Гонконг арнайы әкімшілік ауданындағы ереуілдердің басталғанына шамамен үш айдай болып қалды. Халықтың бұлай бас көтеруіне экстрадиция туралы заңға енгізілмек болған өзгерістер түрткі болды. Үкімет бұл заңды мақұлдамаса да, енді шерушілер биліктен полицейлердің қатыгездігі туралы іс пен демократиялық реформаны қарастырып, Гонконг басшысы Кэрри Ламның отставкаға кетуін талап етуде.
Табиғат Нұрболат