Гонконгтегі қазақстандықтар төтенше жағдай туындаған жағдайда қайда хабарласа алады

1198

Гонконгтегі (ҚХР) жағдайдың шиеленісуіне және жаппай наразылық акцияларының жалғасуына байланысты ол елдегі еліміздің бас консулдығы абай болуды ескертеді.

Гонконгтегі қазақстандықтар төтенше жағдай туындаған жағдайда қайда хабарласа алады

"Осы ретте адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу, жиындарға, демонстрацияларға қатыспау, қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз сақтау, сондай-ақ жергілікті билік органдары мен БАҚ-тың жағдайдың дамуы туралы хабарламаларын бақылау ұсынылады. Гонконг әуежайында авиарейстердің кестеден алып тасталуы немесе кідіруі байқалады. Осыған байланысты әуежайға шығар алдында рейстің жағдайын алдын ала тексеру қажет",­ – делінген хабарламада.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда консулмен +852 5689 6282, +7 778 001 6442 (What’sApp) нөмірлері арқылы байланысқа шығуға болады.

Айта кетсек, CNN агенттігінің дерегінше, Қытай Гонконг шекарасының маңына өзінің ереуілдерді басуға арналған арнайы әскери жасағын орналастырды.

АҚШ президенті Дональд Трамп Гонконгтегі ушыққан жағдайды талқылауға Си Цзиньпинді кездесуге шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу