Гонконгтегі тұрғын үй кешенінде болған өрттен 44 адам қаза тапты

212

Билік жүздеген адамның із-түссіз кеткенін хабарлады.

Гонконгтегі тұрғын үй кешенінде болған өрттен 44 адам қаза тапты Фото: Видеодан кадр: x.com/volcaholic1

Гонконгтегі тұрғын үй кешенінде болған өрт салдарынан кемінде 44 адам қаза тапты. Тағы 270-тен астам адам із-түссіз жоғалып кетті. Бұл туралы Қытайдың арнайы әкімшілік ауданы әкімшілігінің басшысы Джон Ли айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап.

Сәрсенбі күні Тай По ауданында басталған өрт бамбуктен жасалған құрылыс ағаштарына тез таралып, бірнеше көпқабатты ғимаратқа дейін жеткен. Өрт сөндіру қызметі Wang Fuk Court тұрғын үй кешенінің сегіз ғимаратының кемінде бесеуі отқа оранғанын хабарлады. Қаза тапқандардың арасында өрт сөндіруші де болған. 

Қала билігі өртке бесінші қауіптілік деңгейін берді. Гонконгта мұндай жоғары деңгей соңғы рет 2008 жылы тіркелді.

Өрт сөндіру қызметі өрттің жылдам таралуына қатты жел әсер еткенін айтады. Тілсіз жаудың нақты себебі әлі белгісіз.  South China Morning Post жазуынша, бұған дейін жергілікті тұрғындар құрылысшылардың жұмыс барысында темекі тартатынына шағымданған.

Оқиғаға байланысты 3 ер адам ұсталды. Олар абайсызда кісі өлтіру дерегі бойынша күдіктеліп отыр.

Гонконгта дүние жүзіндегі ең биік әрі халық тығыз орналасқан тұрғын үйлердің бірі орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу