Гонконгтың саяси элитасы АҚШ қабылдаған заңға наразылық танытып жатыр, деп хабарлайды Atameken Business.
Естеріңізде болса, кеше Трамп "Гонконгтегі адам құқы және демократия" туралы заңға қол қойды. Бейжіңдегі билік мұны елдің ішкі ісіне араласу, халықаралық құқықты өрескел бұзу деп санайды. Енді америкалықтар осы құжат арқылы Қытайға қысым көрсете алады. 6 айдың ішінде Гонконгтегі мәселеге кінәлі азаматтардың есімі санкциялық тізімге енгізіледі.
Полиция халыққа қарсы қысым көрсетуді тоқтатуға тиіс. Қазірдің өзінде университет маңын аңдып, шеруге шыққан жастарды 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға кіріскен полицияның белсенділігі бәсеңдеді.
"Шын мәнінде заң жобасының Гонконгке еш қатысы , тіпті пайдасы да жоқ. Демократия дегенді желеу еткен тек атауы ғана. Адам құқы, бостандығы дегені де бос сөз. Қытай бізге қысым көрсетіп отырған жоқ",– дейді Гонконгтың бұрынғы жетекшісі Лян Чжэньин.