Google 10 мың адамды жұмыстан шығармақшы - БАҚ

782

Google өкілдері қызметкерлерді жұмыстан шығару туралы ақпаратқа түсініктеме беруден бас тартты.    

Google 10 мың адамды жұмыстан шығармақшы - БАҚ Фото: dgl.ru

Америкалық Google компаниясы (Alphabet Inc. жүйесіне кіреді) KPI көрсеткіштері ең нашар 10 мың қызметкерді немесе қызметкерлердің жалпы санының 6%-ын жұмыстан шығару мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп жазады The Information басылымы деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұған дейін Meta, HP Inc, Cisco Systems Inc сынды көптеген басқа IT-алыптар компания ішіндегі ауқымды қысқартулар туралы хабарлады.

Google осы саладағы басқа компаниялары сияқты коронавирустық пандемия кезінде олардың қызметтеріне сұраныстың күрт өсуіне байланысты қызметкерлер санын көбейтті, салдарынан операциялық шығындар біршама өсті.

"Жұмыстан босату енді ғана басталды. Бұл барлық ірі және шағын компанияларға қатысты болады. Алдағы күндер оңайшылықпен өтпейтіні рас, бірақ кейін бір жүйеге келеміз", - деді АТ саласындағы танымал кәсіпкер және C3.ai Inc. компания басшысы Томас Сибел.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу