Жұма күні Alphabet-ке тиесілі Google қызметкерлердің шамамен 6%-ын - 12000 адамды қысқартқанын жариялады. Штат жариялаған және CNBC қараған құжаттарға сәйкес, 1845 адам немесе барлық қысқартулардың 15%-ы Калифорнияға тиесілі, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Жұмыскерлерлің басым көпшілігі компанияның Силикон алқабындағы және оның айналасындағы штаб-пәтерінде қызмет ететіндер арасынан қысқартылды. Google орналасқан Mountain View-де шамамен 1436 жұмыс орны, ал YouTube орналасқан Сан-Брунода 119 жұмыс орны қысқартылды. Пало-Альтода 53 адамнан жұмыстан шығарылды.
"Нәтижесінде қызметкерлерді жұмыстан шығару 2023 жылдың 31 наурызында басталады деп күтілуде", - делінген 20 қаңтардағы құжаттарда.
Жұмыс орындарын қысқарту компания табысының төмендеу қаупінен туындады, өйткені технология нарығында қызмет құнының төмендегені байқалады.