Google-ге иелік ететін Alphabet корпорациясы кеңседе істейтін барлық қызметкерлерін коронавирусқа қарсы вакцина қабылдауға міндеттеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz компанияның ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап.
"Біздің кампустарға жұмысқа келетін кез келген адам вакцина ектіруі керек", – деді компания өкілі Сундар Пичай.
Оның айтуынша, бұл ереже АҚШ-та алдағы апталарда, ал басқа аймақтарда бірнеше ай ішінде енгізіледі. Қашықтан жұмыс істеу режимі 18 қазанға дейін ұзартылады.
Бұған дейін Netflix те актерлерді препарат қабуылдауға міндеттейтінін жариялаған еді. Талап бойынша әртістермен бір жерде жұмыс істейтін қызметкерлер де екпе салдыруы тиіс.
Табиғат Нұрболат