Google-дің соңғы тоқсандағы пайдасы 14 жылдық рекордтан асып түсті

1348

Жаһандық сатып алушылардың шығыны 26%-ға артып отыр.

Google-дің соңғы тоқсандағы пайдасы 14 жылдық рекордтан асып түсті Фото: reuters.com

Google компаниясы он жылдан астам уақыт ішінде сатылымның рекордтық деңгейге жеткенін және үшінші тоқсанда пайда көлемі екі есе өскенін жариялады, деп хабарлайды Inbusiness.kz The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап.  

Корпорацияның мұндай көрсеткішке қол жеткізуіне пандемия себеп болып отыр. Індет кезінде компанияның негізгі жарнамалық бизнесі айтарлықтай дамыған. Өйткені карантиндік шектеулерге байланысты бөлшек сауда дүкендеріне баратындардың қатары күрт азайды. Маркетологтар өз өнімдерін сату үшін Google-ге көптеп жүгіне бастаған. Цифрлық жарнама биыл қарыштап дамыды. Жаһандық сатып алушылардың шығыны 26%-ға артып отыр. 

Google сондай-ақ YouTube сервисі арқылы қыруар қаржыға кенелді. Оның соңғы тоқсандағы сатылымы 43%-ға өсіп, $7,21 млрд-қа жетті. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу