Google-ге 2 миллион еуро айыппұл салынды

523

Француз реттеушісі іздеу жүйесінде және Google Play дүкенінде "анық, шынайы әрі ашық ақпараттың" жоқтығы үшін Google-ге айыппұл салды.

Google-ге 2 миллион еуро айыппұл салынды Фото: new retail

Францияның бәсекелестік, тұтыну және салық төлеуден жалтару жөніндегі бас басқармасы тексеруді 2021 жылы бастаған, деп жазады inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Ведомство Google іздеу нәтижелерін қандай критерий бойынша сұрыптайтынын көрсетпейді деп қорытындылады.

Сондай-ақ туристерді орналастыру бойынша ұсыныстардың баға белгіленуі туралы қажетті мәліметтер жоқ. Мәселен, пайдаланушыларға брондауды жою, ақшаны қайтару, таңғы ас және т.б. қызметтер құны сервис ұсынатын бағаларға кіретіні не кірмейтіні белгісіз. 

Корпорация енді "тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы кодекстің кейбір нормаларын сақтамағаны" үшін жалпы сомасы 2,015 млн еуро төлеуі тиіс.

Тексерулер басталғалы бері Google бірқатар кемшіліктерді жойды. Компания реттеушінің олардың енгізген өзгерістерін, "француз және еуропалық реттеушілермен сындарлы жұмыс істеуге" дайын екендігін ескермегеніне өкініш білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу