Google Қазақстандағы ЖИ дамуындағы жетістіктерді жоғары бағалады

366

Мемлекет басшысы Google компаниясының Орталық және Шығыс Еуропа бойынша вице-президенті Патрик Ворнкингті қабылдады.

Google Қазақстандағы ЖИ дамуындағы жетістіктерді жоғары бағалады Фото: Ақорда

Астана халықаралық форумы аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Google компаниясының Орталық және Шығыс Еуропа бойынша вице-президенті Патрик Ворнкингпен кездесті, деп хабарлайды inbsuiness.kz сайты.

Президент компанияның еліміздегі цифрлық трансформацияға елеулі үлес қосқанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуразиядағы цифрлық хабқа айналу жөнінде стратегиялық мақсат қойғанын жеткізді. Аталған стратегия тіршіліктің барлық саласына жасанды интеллектіні енгізуді көздейді. Ол үшін еліміз цифрлық және коммуникациялық инфрақұрылымға, сондай-ақ есептеу қуатын арттыруға белсенді түрде инвестиция құйып жатыр.

Патрик Ворнкинг жасанды интеллектіні пайдаланып, цифрлық келешекке жол ашу үшін инфрақұрылым әзірлеу және маман даярлау ісінде Қазақстанның қол жеткізген табысына жоғары баға берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу