2023 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Google компаниясы екі жылдан астам уақыт бойы қолданылмаған тіркелгілерді жоюды бастайды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты BBC арнасының жаңалықтарына сілтеме жасап хабарлайды.
Ресми мәліметтер бойынша, Google белсенді емес тіркелгі саясатына сәйкес жұмадан бастап ескі тіркелгілерден құтылуды жоспарлап отыр.
Айта кетсек, мамыр айында интернет алыбы ескі тіркелгілердің бұзуға осал екенін мәлімдеді. Себебі, олар әдетте ескі құпия сөздермен қорғалған және көпшілігінде екі факторлы түпнұсқаландыру жоқ.
"Олардың жұмысы немесе оқуы біреу үшін жасалған аккаунтарға септігін тигізбейді", - дейді компания қызметкерлері.
Тіркелгіні жоймас бұрын хабарландырулар алдымен аккаунттың электрондық пошта мекенжайына да, сақтық көшірме мекенжайына да жіберіледі.
Сонымен қатар, тіркелгіні сақтау үшін оған кіріп, кез келген Google қызметінде әрекет жасау қажет. Мысалы, электрондық хаттарды оқып немесе жіберуге болады. Бұдан бөлек, Google Drive және Google Play қосымшаларын қолданып, YouTube сайтындағы видеоларды қарауға рұқсат беріледі.
Сондай-ақ, есептік жазбаны үнемі пайдалансаңыз, оған ешқандай қауіп төнбейді.