Google компаниясының табысы азайды

1486

Google компаниясының табысы азайды

Құрамына Google компаниясы кіретін Alphabet холдингі осы жылдың екінші тоқсанында табысы 3,5 млрд доллар болғанын жариялады, деп хабарлайды The Qazaq Times порталы.

Ал бір жыл бұрынғы көрсеткіш 4,9 млрд доллар болған. Яғни Google компаниясының да табысы азайды деген сөз. Financial Times басылымының мәліметінше, мұндай төменгі тоқсандық көрсеткіш Google компаниясында соңғы рет 2008 жылы тіркелген. Есептік кезеңде Alphabet түсімі 21 пайызға өсіп, 26 млрд долларды құраған. Ал сарапшылар болса түсім 25,6 млрд доллар көлемінде болады деп болжаған. Алайда түсімнің жақсы болуына қарамастан компанияның акциялары 3 пайызға төмендеп кеткен.

Macquarie инвестициялық компаниясының сарапшысы Бен Шактердің сөзінше, нарық ойыншылары компанияның табысы ілдеқайда жақсы болады деп күткен. Негізі Alphabet табысының азаюы Еуропалық комииссияның 2,7 млрд доллар көлемінде айыппұл салуымен байланысты. Себебі компания  Google Shopping сервисін алға жылжыту үшін өзінің басымдығын асыра пайдаланған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу