Google коронавирус кесірінен жұмысқа алуды тоқтатады

965

Сондай-ақ маркетингтік бюджет көлемі де қысқармақ.

Google коронавирус кесірінен жұмысқа алуды тоқтатады

АҚШ-тың Google компаниясы қызметкерлерді жұмысқа алуды уақытша тоқтатады және маркетингтік шараларға арналған бюджетін екі есе қысқартады.

Корпорацияның мұндай қадамға баруына әлемді жайлаған жаңа коронавирус пандемиясы түрткі болып отыр. Бұл туралы CNBC басылымы хабарлады.Осыдан бір апта бұрын Google жыл соңына дейін инвестиция көлемін қысқартатын мәлімдеген еді. 

Қазір індет алпауыт компанияларды тығырыққа тіретіп отырғаны мәлім. Оның қатарында әйгілі Walt Disney де бар. Бұл корпорация осы аптадан бастап 100 мыңнан астам қызметкеріне жалақы төлеуін уақытша тоқтататуға шешім қабылдады. Өйткені пандемия кесірінен оның түрлі нысандары жабылып қалған.  АҚШ, Еуропа және Азияда сан түрлі ойын-сауық парктері мен қонақүйлері бар компанияның жұмысшыларының тең жартысы осылайша еңбекақы төленбейтін демалысқа жіберілді.  Financial Times басылымының есептеуінше, мұндай қадамға бара отырып, Disney 500 млн долларға жуық қаражатты үнемдеп қалуды көздеп отыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу