Google корпорациясына 177 миллион доллар көлемінде айыппұл салынды

610

Бұған дейін Ресей соты америкалық компанияға бірнеше рет мемлекеттік заңдарды бұзғаны үшін миллиондаған айыппұл салған еді.

Google корпорациясына 177 миллион доллар көлемінде айыппұл салынды

Оңтүстік Кореяның монополияға қарсы реттеушісі америкалық Google компаниясына нарықта шамадан тыс үстемдік жүргізгені үшін 177 миллион доллар көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Korea JoongAng Daily басылымына сілтеме жасап.

Ведомствоның айтуынша, компания мобильді операциялық жүйелер нарығындағы бәсекелестерімен күресу үшін өзінің үстемдігін асыра пайдаланған. Google смартфон өндірушілерін Android операциялық жүйелерінің модификацияланған нұсқаларын орнатпауға көндіріп, келісім жасасқан көрінеді. Монополияға қарсы агенттік мұндай әрекеттер телефондарға арналған инновациялық операциялық жүйелердің дамуына кедергі келтірді деген пікірде.

Бұған дейін Ресей соты америкалық компанияға бірнеше рет мемлекеттік заңдарды бұзғаны үшін миллиондаған айыппұл салған еді. Google Ресей заңнамасы бойынша тыйым салынған контентті кетіруден бас тартқан болатын. 

Табиғат Нұрболат

Фото: Globallookpress.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу