Google құпия деректерді ақшаға сатады

1072

Жаңа сервис аясында полиция қызметкерлері электрондық пошта, орналасқан жері, іздеу-сұраулары жайынан ақпарды төлем жасағаннан кейін ала алады.

Google құпия деректерді ақшаға сатады

Google пайдаланушылардың жеке деректерін ресми түрде сататын болды. Алайда, құпия ақпарат тек құқық қорғау органдарына ғана арналған, деп хабарлайды Atameken Business.

Жаңа сервис аясында полиция қызметкерлері электрондық пошта, орналасқан жері, іздеу-сұраулары жайынан ақпарды төлем жасағаннан кейін ала алады.

Бағасына тоқталсақ, сот шешімі бойынша деректерді жинау үшін 45 доллардан, ал тінту ордері бойынша деректер 245 долларды құрайды.

Google мамандардың айтуынша, егер де мемлекет осылайша шығындарды өтейтін болса, бұл  мемлекеттің азаматтарды қадағалауын асыра пайдалануынан тежейтін фактор болмақ. Себебі, тек 2019 жылы Google-дан мемл. органдар 75 мыңнан астам тиісті сұрау алған, оның шеңберінде компания әлемнің 160  мың аккаунты жайында ақпарат өңдеді.  Демек, енді ешкімнен жасырына алмайсыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу