Google қызметкерлері 2021 жылдың қыркүйегіне дейін үйде жұмыс істейді

813

Сонымен қатар "икемді жұмыс аптасы" енгізілмек.

Google қызметкерлері 2021 жылдың қыркүйегіне дейін үйде жұмыс істейді

Google корпорациясының қызметкерлері 2021 жылдың қыркүйегіне дейін үйде жұмыс істейді. Компанияның мұндай шешім қабылдауына коронавирус індетінің өршуі себеп болды. 

Сонымен қатар Google "икемді жұмыс аптасын" енгізуді жоспарлап отыр. Яғни ол бойынша қызметкерлер аптасына кемінде үш рет кеңсеге барып, жұмыс істейді. Бұған дейін The Wall Street Journal басылымы корпорациядағылар келесі жылдың шілде айында кеңсеге оралады деп жариялаған еді.

Джонс Хопкинс Университетінің мәліметі бойынша, АҚШ коронавирус инфекциясын жұқтырғандар мен дерттен қаза тапқандар саны бойынша қазір көш бастап тұр. Осы күнге дейін бұл елде 16,3 млн адам ауруға шалдығып, 300 мыңы қайтыс болған.

Табиғат Нұрболат

Фото: businessinsider.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу