Google пайдаланушылардың мекен-жайын жасырын бақылағаны үшін айыппұл төлейді

Оның сомасы 93 млн долларды құралы. 

Google пайдаланушылардың мекен-жайын жасырын бақылағаны үшін айыппұл төлейді Фото: ведомости

Америкалық Google Калифорнияның бас прокурорының сотқа берген шағымы бойынша бітімгершілік келісімге келді. Бұған дейін компания қызметін пайдаланушылардың келісімінсіз орналасқан жерін бақылаған деп айыпталды, деп хабарлайды The Guardian.

Корпорация келісім бойынша 93 млн доллар төлейді.

Google-ға қарсы шағымды Калифорнияның бас прокуроры Роб Бонта берді. Оның айтуынша, компания пайдаланушылардың Google есептік жазбасының параметрлерінде "Орналасу тарихы" функциясын өшіргеннен кейін олардың қозғалысын бақылауды жалғастырған мәлімдейді.

Google келісімнің бір бөлігі ретінде кінәсін мойындамады, бірақ ол пайдаланушылардың орналасқан жерін бақылау әдістері туралы қосымша ақпарат беруге уәде берді.

Guardian 2022 жылы Америка Құрама Штаттарында Google-ға қарсы осындай сот ісі де қозғалғанын еске салады. Содан кейін бітімгершілік келісімі аясында компания 40 штатқа шамамен 392 миллион доллар төледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу