Google Ресейде жаңа аккаунттар ашу мүмкіндігін шектеді

224

Екі факторлы авторизация шеңберінде SMS-растау әзірге жұмыс істеп тұр, алайда бұл мүмкіндіктің болашақта сақталатыны екіталай.

Google Ресейде жаңа аккаунттар ашу мүмкіндігін шектеді Фото: pixabay

Бұл туралы РФ Цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрлігінде хабарланды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Министрлік Google жаңа аккаунттарды ашу мүмкіндігін шектегенін растайды. Сондай-ақ, байланыс операторлары компанияның ресейлік пайдаланушыларға жіберетін SMS санының айтарлықтай төмендегенін тіркеді", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар министрлік екі факторлы авторизация аясында SMS-растау әзірге жұмыс істеп тұрғанын атап өтті, алайда бұл мүмкіндіктің болашақта сақталатынына сенімділік жоқ.

"Сол себепті Google қызметтерін пайдаланушыларға өз деректерінің сақтық көшірмесін жасауды, екі факторлы аутентификацияның балама әдістерін қолдануға немесе отандық платформаларға көшу ұсынылады", – деп қорытындылады министрлік.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары мен Telegram-арналарда Google қызметтерімен пайдалану барысында ресейлік қолданушылар түрлі кедергілерге тап болғандары туралы сөз болған еді, мысалы, жаңа шоттарды құрудағы шектеулер, сондай-ақ ресейлік телефон нөмірлеріне профильдерді тіркеудегі қиындықтар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу