Бұл елде Google-ге қатысты тергеулердің басталғанына 4 жылдай болған, деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.
500 млн еуроны компания айыппұл, 465 млн еуроны салық ретінде төлейді.
Google France пен Google Ireland-қа айыппұлды төлету туралы шешім бітімгершілік келісім негізінде жүзеге асқан. Айта кететін жайт, Францияның қаржы прокуратурасы Google-ге қатысты тергеу жұмыстарын 2015 жылы бастаған болатын.
Франция билігі компанияның Дублиндегі штаб-пәтері Франциядан түскен кіріске салынған салықтың басым бөлігін Ирландияға төледі деп айыптаған.
Егер Google алдағы 10 күнде Франция билігімен жасасқан бұл келісімге қарсылығын білдірмесе, ол күшіне енеді. Құжат бойынша, компания талаптардың негізділігін мойындағанымен, өзінің кінәлі екенін мойындаудан бас тартты.
Бұған дейін Франция Facebook және Amazon сияқты алып корпорациялардың айналымына 3%-дық салық енгізген болатын.
Табиғат Нұрболат