Google жаңа Pixel смартфондары мен сағаттарын таныстырмақ

Іс-шара 4 қазан Нью-Йоркте өтеді. 

Google жаңа Pixel смартфондары мен сағаттарын таныстырмақ Фото: Jason Cipriani/ZDNET

Alphabet Inc. құрамына кіретін американдық Google компаниясы дүкенінің веб-сайтында 4 қазанда Made by Google кезекті жыл сайынғы іс-шарасын өткізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Made by Google іс-шараларында интернет алыбы өзінің жаңа өнімдерін ұсынады. Биыл жиында Pixel 8 және Pixel 8 Pro смартфондары таныстыррылады деп күтілуде, деп хабарлайды TechCrunch.

Іс-шарада сонымен қатар жаңа Pixel Watch 2 смарт сағатын көрсетеді деп күтілуде.

Алпауыт компания ұйымдастыратын іс-шара Нью-Йоркте өтеді және YouTube-та тікелей эфирде көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу