Анастасия Городко фристайл-могулдан тағы да алтын алды

796

Швейцарияда фристайл-могулдан Еуропа кубогі кезеңі аяқталды.  

Анастасия Городко фристайл-могулдан тағы да алтын алды

Соңғы жарыс күнінде қазақстандық Анастасия Городко тағы бір мәрте жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Соңғы бәсекеде Городко тағы бір мәрте алтын жүлдеге қол жеткізді. Екінші және үшінші орынды германиялықтар Ханна Вессе мен Лена Майер иеленген. 

Айта кетелік, Еуропа кубогінде Анастасия Городко жалпы есебі 4 медаль жеңіп алды. Оның үшеуі алтын, біреуі күміс медаль.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу