Gosagro.kz порталында фермерлерден субсидиялауға 4391 өтінім түсті

545

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Gosagro.kz порталында фермерлерден субсидиялауға 4391 өтінім түсті Фото: ortcom.kz

Министрліктің мәліметінше, жүйеде өтінімдерді қабылдау басталған сәттен бастап фермерлерден 24,5 млрд теңгеге 4 391 өтінім келді. Оның ішінде 1,3 млрд теңгеге 270 өтінім мақұлданса, 796,1 млн теңгеге 113 өтінім қабылданбады, деп жазады inbusiness.kz.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру саласындағы ақпараттық жүйелердің жұмысына қатысты кеңес өткізді. Мұнда субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесін енгізу және реттеу мәселелері қаралды.

2 наурызда Премьер-Министрдің орынбасарымен кездесу барысында Шымкент қаласының кәсіпкерлері gosagro.kz сайты арқылы өтініш беру мүмкіндігінің жоқтығына шағым білдірген болатын. Қазіргі уақытта мегаполис фермерлері жүйе арқылы өтінім беру процесін бастады.

"Жүйеде ауыл шаруашылығы секторының кәсіпорындарын субсидиялау бойынша мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету үшін әзірленген. Фермерлер gosagro.kz порталы арқылы АӨК-ті субсидиялауға электрондық өтінімдер береді. Әрбір өтінімге бюджеттің болуына қарамастан реттік нөмір беріледі, содан кейін ол қаралғанға дейін "күту парағына" түседі. "Өтінімдер тізілімі" бөлімінде ауыл шаруашылығы өндірушілері берілген өтінімнің мәртебесін қадағалай алады", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу