GPT-5 ресми түрде таныстырылды

85

OpenAI басшысы Сэм Олтман көптен күткен GPT-5 моделін ұсынды.  

GPT-5 ресми түрде таныстырылды Фото: rbc.ua

Жаңа нұсқа қазір барлық ChatGPT қолданушыларына – тегін және ақылы жазылушыларға да – қолжетімді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Компания өкілдерінің айтуынша, GPT-5 алдыңғы нұсқаларға қарағанда код жазу, логикалық ойлау, мультимодальды түсіну және денсаулыққа қатысты тапсырмаларды орындауда едәуір дамыған.

Жүйе ақпаратты жылдам өңдеп, анағұрлым нақты әрі пайдалы жауаптар ұсына алады.

Жаңа модельдің негізгі ерекшеліктеріне күрделі сұрақтарға терең талдау жасау, бейне және дыбыс өңдеу мүмкіндіктерінің жақсаруы, сондай-ақ деректер қауіпсіздігін күшейту жатады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу