Графика маманы Арман Әлімжанов қорқынышты фильм түсіруде

1043

Графика маманы Арман Әлімжанов қорқынышты фильм түсіруде

Саранда голливудтік блокбастерлер рухында зомби-мутанттар мен ержүрек арнайы жасақ сарбаздары туралы қысқа метражды фильм түсіріліп жатыр, деп хабарлайды karaganda-region.gov.kz. 

Қарағандылық компьютерлік графика маманы Арман Әлімжанов заманауи технологияларды пайдалана отырып фильм түсіруді ұйғарған. Ол еріктілерді жинап, "За стеной" қысқа метражды фильмнің түсірілімін бастап кеткен. Сюжет бойынша кішкентай қалашықтың барлық тұрғындары ғылымға белгісіз бір вирус жұқтырады, ол дерт адамның жүйке жүйесі мен миына зақым келтіреді, нәтижесінде олар құбыжыққа айналады. Қаланы дуалмен қоршайды да, тәулік бойғы бақылауға алады. Бірнеше жыл өткен соң камералар шеттелген аумақта балалар пайда болғанын түсіріп алады. Жағдайдың мәнісін түсіну үшін оқиға орнына арнайы жасақ сарбаздары жіберіледі.

Айта кету керек, фантастикалық боевиктің бюджеті ең төмен деуге болады. Барлық актерлер мен түсірілім тобы тегін жұмыс жасауда, ал костюмдер мен бутафорияны таныстар мен достары берген. 
Режиссердің жоспары бойынша фильм күзде дайын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу