60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан Ғұсман Қырғызбаев жарысты сәтті бастады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ол әлемдік додаға екінші айналымнан қосылды. Нәтижесінде, әзірбайжандық қарсыласынан басым түсіп, үшінші кезеңге жолдама алды.
Айта кетерлігі, 66 келіде татамиге шыққан Елдос Жұмақанов бірінші кездесуінде грузиялық қарсыласына есе жіберіп, жарыстан шықты. Оның командаласы Севара Нишанбаева (57 келіде) жарысты сәтсіз аяқтаған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу