Grand Slam турнирі: Абиба Әбужақынова жартылай финалға шықты

336

Жартылай финалда Абиба швециялық Тара Бабулфатпен кездеседі. 

Grand Slam турнирі: Абиба Әбужақынова жартылай финалға шықты Фото: Olympic.kz

Дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қазақстандық Абиба Әбужақынова жартылай финалға шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты. 

48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ол турнир барысында Түркменстан, Израиль және АҚШ спортшыларын жеңді. 

Жартылай финалда Абиба швециялық Тара Бабулфатпен кездеседі. Айта кетелік, жақында Бакуде өткен турнирде Абиба дәл осы Бабулфатқа есе жіберген болатын. 

Бұл салмақта бақ сынаған тағы бір спортшымыз Ғалия Тынбаева үшінші айналымды ресейлік Сабина Гилиязовадан ұтылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу