Grand Slam турниріне елімізден бір ғана спортшы шақырту алды

705

Турнир бүгін басталады. 

Grand Slam турниріне елімізден бір ғана спортшы шақырту алды

Таеквондодан Қазақстан құрамасының мүшесі Жансель Дениз Қытайдың Уси қаласында өтетін Grand Slam турниріне қатысады деп хабарлайды Olympic.kz 

Аталған рейтингілік турнирге ұйымдастырушылар спортшыларды арнайы шақырады. Қазақстандық Жансель Дениз мәртебелі жарысқа шақырту алған спортшылардың қатарында бар. 

Естеріңізде болса, Дениз жылдың қорытынды турнирі саналатын Гран-при сериясының финалдық кезеңіне өте алмаған еді. 

"Бұл турнир мен үшін өте маңызды. Қазақстаннан мен ғана шақырту алдым. Сол себепті, намысқа тырысып, жүлде алу үшін барымды саламын", - дейді Жансель. 

Grand Slam турнирі G2 санатына жататын халықаралық турнир. Жарыстың басты ерекшілігі - спортшылар күніне бір жекпе-жектен өткізеді.

Турнир бүгін басталады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу