Қазанның 28-30 аралығында БАӘ астанасы Әбу-Дабиде дзюдодан халықаралық Grand Slam турнирі өтеді, деп хабарлайды khabar.kz.
Қазақстан ұлттық құрама командасының жаттықтырушылары аталған турнирде ел намысын қорғайтын спортшылар тізімін бекітті.
Атап айтқанда, байрақты бәседе Мағжан Шамшадин (60 кг); Асхат Тельманов (66 кг); Азамат Мұқанов (66 кг); Дидар Хамза (81 кг); Әділет Миссин (81 кг); Айбек Серікбаев (-100 кг); Отгонцэцэг Галбадрах (48 кг) бақ сынайтын болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу