Бұл туралы команданың бас бапкері Ғалымжан Жылгелдиев мәлімдеді деп жазады Olympic.kz.
"Биылғы маусымды тәмамдайтын жаттығу жиыны Түркістан облысындағы "Алма тау" кешенінде өтті. Спортшылар жақсы жұмыс істеді. Жаңа жыл қарсаңында көңілдері көтеріліп, үйлеріне мәз-мейрам болып тарқасты.
Енді қаңтардың басында Өзбекстанның Ташкент қаласын бетке аламыз. Сол жақта Халықаралық дзюдо федерациясының ұйымдастыруымен жаттығу лагері өтеді. Бірнеше мемлекте өз құрамаларын жібереді. Кейін елге келіп, тағы бір жиын өткіземіз.
Ал 2 ақпан күні Парижде (Франция) Grand Slame турнирі басталады. Жылдың ресми тұсаукесері сол жарыс болмақ. Елдос Сметов бастаған жігіттер Париж татамиінде күреседі", – деді Жылгелдиев.